Осакаров ауданының 300-ден астам оқушысы мамандықтар жәрмеңкесіне қатысты

Осакаров кентінің «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығында тоғызыншы сынып оқушылары үшін мамандықтар мен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған Қарағанды облысынан 12 колледж өкілдері қатысты.

Осакаров ауданының Білім бөлімі болашақ талапкерлерге еңбек нарығы, аймақтың оқу орындары және оларға түсу тәртібі туралы толық ақпарат беруді мақсат етті.

Колледждердің таныстырылымына оқытушылар мен студенттер қатысты. Студенттер оқушыларға өздері таңдаған мамандықтар туралы және олардың болашақтағы маңызы туралы айтып берді.

Барлық оқу ұйымы өз мамандықтарының көрмелерін, практикалық дағдылар станцияларын, көптеген парақша мен буклеттерді, сондай-ақ ақпараттық бейнематериалдарды қызықты безендірулер арқылы ұсынды.

Жәрмеңкеге Қарағанды теміржол колледжі виртуалды шындық көзілдірігін алып келді. Оның көмегімен оқушылар пойыз басқару жолдарын көруге мүмкіндік алды.

Ал Абай көпсалалы колледжі өзімен бірге алып қоян алып келген. Сол арқылы колледж ветеринарлары жануарларды емдеу ғылымын білгісі келетіндердің назарына танымдық негізде тәжірибелерін ұсынды.

Бұдан бөлек шара барысында балаларды агроном студенттер әкелген дақылдар өнімділігін бақылайтын дрон көбірек қызықтырды. Сонымен қатар академик Сағынов атындағы колледж-мектебінің Бэтмені жоғары сынып оқушыларының назарын аударды.

Жәрмеңке Осакаров ауданының 300-ден астам оқушысына өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алуға және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға мүмкіндік берді.