Қоржында – қола жүлде

Астанада алғаш рет 3-4 сынып оқушылары арасында «Көңілді ойындар» республикалық жарысы өтті. Спорттық шараны Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырған. Жарыста қарағандылық оқушылар жүлделі үшінші орынға ие болды.

Көңілді жарыстарға Астана, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды және Алматыдан сегіз команда қатысты. Қарағанды облысының атынан Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

– Бұл жарыстар алғаш рет өткізілді. Біз екі команда алып бардық. Үшінші сыныптар арасында үшінші, төртінші сыныптар арасында бесінші орын алдық. Менің ойымша, бұл жаман емес. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Татьяна Бутузова командаларды дайындауға көмектесті, – дейді Нүркен Әбдіров атындағы ЖББМ директорының эксперимент жөніндегі орынбасары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерлан Рақымжанов.