«Open Karaganda» фронт офисінде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесу өткізді

14.10.2022 жылы «Жанашыр жүрек»❤️ халықтық қайырымдылық акциясын іске асыру аясында және «25 игі іс» жобасын іске асыру шеңберінде, Республика күні қарсаңында Қарағанды қаласы әкімдігінің «Open Karaganda» фронт офисінде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша, оның ішінде «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша кеңес алды.
✅Сондай-ақ, тұрғындар мемлекеттік грант арқылы бизнес ашу мәселелері бойынша кеңес алды.