Оқушылар халықаралық конференцияға қатысты

Қарағандылық оқушылар АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Ричмонд қаласының колледжінде өткен «International Emerging Leaders» конференциясына қатысты.

Біздің делегация құрамында бес адам барды, олар: «Мұрагер» ММЛИ жоғары сынып оқушылары Жәмила Қожахметова, Диана Чавоши, Магдалена Лобас, Сафина Шариязданова және жетекшісі Алмагүл Испулаева. Қазақстандықтардан басқа АҚШ-қа Марокко, Италия, Мексика және Ганадан мектеп оқушылары келді.

Әр команда өз елінде кездесетін экологиялық проблемаға көзқарастарын ұсынды. Содан кейін оқушылар ұлттық экологиялық мәселелердің бірін қарастыратын шағын халықаралық жобалық топтарға бөлінді. Әрбір команда анықталған мәселеге оң әсер етуі мүмкін ықтимал шешімді әзірлеу үшін жұмыс істеді.

Содан кейін олар өз өнімін мұғалімдер мен ата-аналарға ұсынды. Оларға қоршаған ортаның өзгеруіне ең ықтимал әсер ететін, адамдардың өмірін жақсартатын ең инновациялық жобаға дауыс беру ұсынылды.

Сондай-ақ конференцияға қатысушылар инновация, экологиялық және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы идеяларымен бөліскен белгілі ғалымдар мен кәсіпкерлердің сөздерін тыңдады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, халықаралық конференция бағдарламасының негізгі аспектілерінің бірі – өзара байланыс және мәдениеттермен алмасу. Барлық делегат қабылдаушы отбасыларда тұрып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, туған елі, тілі, мәдениеті, сүйікті іс-әрекеттері және өз мектебі туралы әңгімелесті.

– Осындай халықаралық конференцияларға қатыса отырып, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасай отырып, балалар баға жетпес және ұмытылмас тәжірибе алады, жаңа достар табады және ағылшын тілін үйренеді. Енді менің оқушыларым жаңа білімді өз құрдастарымен бөлісуді жоспарлап отыр, – деді Алмагүл Испулаева.

Халықаралық жаңа көшбасшылар конференциясы осы секілді алғашқы бағдарлама болып саналады. Ол – колледжде оқу жылында өткізіледі және бүкіл әлем студенттері арасындағы ынтымақтастықты дамытады, дизайнерлік ойлауды үйретеді және бүкіл әлемдегі әлеуметтік кәсіпкерлер жоғары бағалайтын дағдыларды қалыптастырады.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ