Мыңдаған қонақ, миллиондаған теңге табыс. Әлемдік деңгейдегі іс-шаралар – сыртқы туризмді дамыту драйвері

Сыртқы туризмді ынталандырудың тиімді құралдарының бірі – халықаралық шаралар. Мысалы, биыл Астанада триатлоннан әлемге әйгілі IRONMAN жарысы ұйымдастырылды, оған әлемнің 40 елінен 2 мыңнан астам қатысушы тартылды. Сарапшылардың есептеуінше, қатысушылардың тұруына, тамақтануына, ойын-сауық бағдарламаларына, кәдесыйларға қаржы жұмсауы нәтижесінде іс-шара ел бюджетіне шамамен 1 млрд теңге әкелді. 23 қыркүйекте өткен және БАҚ-тың хабарлауынша, 65 елден 20 мыңға жуық адамды жинаған Димаштың концерті ерекше мысал бола алады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша, мұндай іс-шараларды, соның ішінде әлемдік деңгейдегі іс-шараларды қолдау сырттан сыртқы туризмді дамыту драйвері болып табылады.


«Осы мақсатта және жалпы сала үшін барлық санаттағы туристердің келуіне қолайлы жағдай жасау қажет. Осыған байланысты, әлеуметтік желілерге мониторинг, оның ішінде түсініктемелерге талдау жүргіземіз және қажеттілігіне қарай кері байланыс орнатылады. Осындай жұмыстың арқасында туристердің қажеттіліктері мен проблемаларын, қандай жағдайларда олардың құқықтары бұзылатынын және т.б. түсінуге болады», — деді спикер.

Айта кетейік, мониторинг нәтижелері басқа да құзыретті органдарға жіберіледі.