Мотомаусымның ашылуы

Қозғалтқыштар гүрілі. Қарағанды қаласында демалыс күні мотоцикл жүргізушілерінің көптігі байқалды. Алғаш рет біздің қалада республикалық мотомаусымның ашылу салтанаты өтті.

Сенбі күні таңертеңгілік сан түрлі мото тізгіндеген байкерлер бас қосты. Біздің қалада байкерлердің мұндай көптеп шоғырланғанын Қарағанды тұрғындары бұрын-соңды көрмеген сияқты. Металдың жарқырауы, қозғалтқыштардың гүрілі, қара түсті киім, бәрі дулыға киіп, каскаға жасырынған. Желмен жарысқандар орындарынан жүруге дайын. Олар белгіленген бағытқа шығып кетпес бұрын, біз мұнда не болып жатқанын сұрап білдік.

– Бұл жерде – мотокезеңнің ашылуы. Бұл жолы іс-шара Қарағанды қаласында өтуде. Бұған дейін Астана, Алматы қалаларында болды. Ауқымды іс-шараға қазірдің өзінде екі жүзге жуық адам жиналған, қатысушылар саны көбейеді деп ойлаймын. «Байкерлер түнімен шулатып елді ұйықтатпайды» деген – қате түсінік, олар – жоғары мәдениеттің адамы. Қауіпсіз қала ережесін сақтай отырып жас байкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – дейді «Чингисхан МС» мотоклубының президенті Владимир Ким.

Мұндай деңгейдегі шара қаламызда алғаш рет өткізіліп отыр. Ол қала әкімдігінің қолдауымен және Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы аясында өткізілді. Тек осы жерде 200-ден астам байкер бас қосты. Виктор Боснов Костенко шахтасында 8 жыл жұмыс істейді, қазір ол – бастықтың орынбасары. Ол хоббиі оған күш-қуат беріп, көңіл-күйін көтеретінін айтады.

Александр Митрофанов та – кенші, 6-сыныптан бастап мотоциклге қызыққан. Кеңес заманында алған мотоциклі гаражында естелік болып қалған, қазір жапондық екіаяқты көлік тізгіндеген. Ол көп саяхаттамайды, дегенмен жаңа таныстарымен тұрақты түрде кездесуді жоспарлап отыр.

Шараға арнайы қонақтар да келе бастады. Рафаэль Кенжин Алматыда электр монтажымен айналысады, 10 жыл бұрын мотоциклге әуес болған. Бүкіл өмірі екіаяқты техниканы тізгіндегенде өзгеріпті: қашықтық қысқарған, шекаралар барынша жақындаған. Ол Қырғызстан мен Өзбекстанды аралап, Америкаға барған, алған әсерінің керемет екенін айтады.

– Бұл – ерекше сәт, қаланың қауырт тірлігінен шаршағанда ерекше көңіл-күйге бөленесің. Бұл – ерекше хобби, қатарымызға қосылыңдар. Мотоцикл арман болып қалуы керек. Алғашқы тұлпарым. Бағасы да жақсы, соңғы көлігім деп ойламаймын, – дейді Алматы қаласынан келген байкер Рафаэль Кенжин.

Осы жиналған күштің бәрі қозғалтқыштар гүріліне, қатты шыққан дауысқа ұласты. Байкерлер әуесқойлар мен жанкүйерлердің басын қосты. Қарапайым мотоциклшіден байкерлердің айырмашылығы мынада: мотоцикл – байкерлер өмір салтының бір бөлігі, олар мотоциклдерін жақсы көреді, сонымен өмір сүреді. Бұл – көлік емес, тұтас символ, отбасы мүшесі. Олардың идеологиясы «жол», «жылдамдық» және «еркіндік» деген негізгі үш сөзге негізделген. Байкерлердің тағы бір ерекшелігі – олар пікірлес адамдарды біріктіреді.

Мұндай шерушілер елімізде 90 жылдардан бері бар. Құрылтайшысы – атақты жерлесіміз Дмитрий Петрухин, оны осындағы Виктор Цой ескерткішінің басты орнынан көру таң қалдырды. Айта кетейік, Дмитрий қарағандылық, ол да шахтада 11 жыл жұмыс істеген. Жалпы, ұлттық мотоциклдер маусымының ашылуында қонақтарға жарыс автомобильдерінің көрмесі, винтаждық көліктер, рок-концерт, керемет ұтыс ойындары бар жарыстар және экстремалды шоулар қарастырылды.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»