Министр елмен жүздеспек

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келеді. Шілде айының 28-29 күндеріне жоспарланған сапар аясында ол аймақ тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдайды.

Юрий Ильин баспасөз мәслихатын өткізіп, министрлік қызметіне қатысты өзекті сауалдарға жауап береді деп күтілуде. Жеке тұлғалардың сауалдарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), ps_dchs_karg @emer.kz, ps@emer.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 23 шілдеге дейін қабылданады.

Тіркелу кезінде аты-жөніңізді, сауалды және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет. («2022 жылғы 29 шілдедегі халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн).

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша