«Мен және менің полицейім» акциясы өтті

Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында Қарағанды облысында республикалық «Мен және менің полицейім» акциясы өтті. Осыған байланысты барлық қала мен аудандарда түрлі қызмет, соның ішінде ювеналды полиция, патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, тергеу, жедел қызметтер мен жедел ден қою ар- найы бөлімшелері қызметкерлерінің күнделікті қызметімен таныстыру үшін Ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек облыс бойынша әлеуметтік жағдайы қиын отбасылардан шыққан және полиция есебінде тұрған 150- ге жуық баланың қатысуымен 20-дан астам спорттық және мәдени-бұқаралық шара өткізілді.

Сондай-ақ полицейлер білім беру органдарымен бірлесіп жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушыларымен құқықтық тақырыпта дәрістер мен пікірталастар кешенін ұйымдастырды.

15 сәуірде Қарағандының Орталық саябағында полиция қызметкерлері балаларға қызметтік автокөліктерін көрсетіп, полиция қызметкерлері орындайтын негізгі міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ балаларға СОБР жұмысы мен қару-жарақ көрсетілді. Облыстық ПД кинологиялық қызмет орталығының полицейлері қызметтік-іздестіру иті арқылы адамды қылмыскер тұтқынынан қалай босату жолын көрсетті. Акцияны өткізуге №95 мектеп-гимназиясының «Сирена» жасағының және Ю.Павлов атындағы №35 орта мектептің «Жас сарбаз» жасағының жол қозғалысы жас инспекторлары көмектесті.

— Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандармен сенімді қарым-қатынас орнату, оларды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету. Іс-шара флешмоб форматында өтті. Біз балалардың қызметтік автокөліктерге үлкен қызығушылықпен кіргенін көрдік. Сонымен қатар олар орнатылған жабдықтың функционалдық тағайындалуы туралы біздің түсініктемелерімізді тыңдады. Осындай акциялар ай сайын облыстың барлық қаласы мен аудандарында өткізіледі, — деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қ.Шәкенов.

— Мен №95 мектеп-гимназиясының «Сирена» жасағы жол қозғалысының жас инспекторымын. Біздің жасағымызға 20 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз бастауыш сынып оқушыларына жолда өзін ұстау нұсқаулықтары мен қандай ережелерді сақтау керегін түсіндіреміз. Біз алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеміз және оны басқа оқушыларға үйретеміз. Олар қиын жағдайға тап болған адамға көмектесе алады. Ал біздің басты міндетіміз — жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау, — дейді Рамина Сафарова.

Аружан АЛПЫСБАЙ, «QH»