«Мен референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым……»
Республика бойынша өнер тұлғалар, қоғам белсенділері, мемлекет қайраткерлері республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының тұрғындары референдумда өз таңдауын жасау кезінде белсенділік танытуда. Солардың бірі, қала тұрғыны, көпбалалы ана Мукашева Гүлім Серікбайқызы №160 участкіде өз таңдауын жасады.
«Мен референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Мені балалардың және елімнің болашағы бей-жай қалдырмайды. Болашақта балаларымның осы елде өсіп-өніп, еліне өз үлестерін тигізгенін қалаймын және сол үшін референдумға келіп таңдауымды жасадым» — деп көпбалалы ана Гүлім Серікбайқызы атап өтті.