МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ – АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде 3000-ға жуық заң бұзушылық анықталып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. Заң талаптарын бұзған 27 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Есептік кезеңде Департаментке 281 өтініш келіп түсіп, қабылданған шаралар нәтижесінде 220-ға жуық азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында ақпараттық жұмыстар жалғасуда.
Сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызмет – халыққа бағытталған тиімді мемлекеттің басты көрсеткіші.
