МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру кешенді тәсілді және түрлі құрылымдардың өзара іс-қимылын талап ететін көп қырлы міндет болып табылады.
Ең маңызды аспект мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады.
Ыңғайлы интерфейстер мен қол жетімді платформалар негізінде жасалған электрондық қызметтер күту уақытын қысқартуға және ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуге ықпал етеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдайды.
Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бағытында ағымдағы жылы Департаментпен 27 ұсыныс жолданды және бүгінгі таңда олардың әрқайсысы қабылданды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
-Қазақстан Республикасының Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті