Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер береді
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдарында 2,6 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Оның 14 пайызы жастар. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста 168-ден астам жұмыс орны бос тұр.
Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Сондықтан мемлекеттік қызметте жастардың білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән берілуде.
Қазіргі цифрлық дәуірде мемлекеттік органдартың көзқарастарға, креативті идеяларға, жоғары нәтижелі жұмысқа қызығушылық танытып, тиісінше, елдің қоғамдық-саяси даму үдерісіне бастамашыл жастарды тартуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметке кәсіби құзыретті, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті жоғары, эрудициясы терең, адамгершілік қасиеттеріне бай және топта жұмыс істей алатын жігерлі жас кадрлар қажет.
Өйткені, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделінің көрсеткішін білікті кадрлар айқындайды.
Жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттік ұйымдардың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін маңызды міндеттердің бірі. Кадрлық құрамды жасарту, мемлекеттік басқару жүйесіне соңғы тәсілдерді енгізу, кәсіби қызметке тың көзқарас, өзгерістерге жоғары мотивация – бұл жастарды жұмысқа қабылдау арқылы ашылатын мүмкіндіктер.
Осыған орай облыста Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс жасауда. Өткен жылы осы мектепте 20-дан астам түлек жаңа дағдыларды игерді. Мектептің негізгі міндеті – болашақта өз тағдырын мемлекеттік қызметпенбайланыстырғысы келетін ең дарынды және белсенді жастарға болашақта қолдана алатын тәжірибелік д ағдыларды беру.
Сондай-ақ, жастарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Тұрақты негізде жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерімен кездесулер, бос жұмысорындары жәрмеңкелері, ашық есік күндері, кәсіптік бағдар беру аясында 10-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізіліп тұрады.
Бұл ретте іріктеуден өтіп, мемлекеттікқызметкекелгенжасмамандар да мемлекеттікқолдауғаие. Жас маманға 3 айға дейінгі мерзімге тәлімгер бекітіледі, ол өзінің функционалдық міндеттерін орындау жолдарын үйретеді, кәсіби қолдау көрсетеді. Әркім тәлімгер бола алмайды, мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, кәсіби қасиеттері жоғары, тәрбие жұмысына бейім және ұжымда беделге ие, қызметін бағалауда тиімдіден төмен емес нәтижелері бар, тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер ғана тәлімгер бола алады.
Осы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген28 азаматқа сынақ мерзімі белгіленді. Олардың барлығына тәлімгер бекітілді.
Сонымен бірге, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында 3 апталық оқытуға бюджеттен қаржы бөлінеді. 1 тоқсанда 16 жас мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.
2022 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға мемлекеттік қызметке кірудегі қажетсіз кедергілерді жоюға бағытталған өзгерістер енгізілді.
Енді жоғары оқу үлгерімін көрсеткен университет түлектері (академиялық нәтиже GPA 3,33 деңгейінде болуы керек, яғни дәстүрлі жүйе бойынша көрсеткіш «жақсы» немесе 100 баллдық жүйе бойынша 85-89) мемлекеттік қызметке конкурссыз кіре алады.
Бұл бастама мемлекеттік қызметке жас білікті мамандарды тартумен қатар, ауылдық, аудандық деңгейдегі «кадр тапшылығын» біршама жоюға септігін тигізеді.
Сондай-ақ оларға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша да бірқатар төлемдер қарастырылған.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің бірқатар артықшылықтары бар: Олар:
— тұрақтылық және әлеуметтік қамсыздандыру (тұрақты еңбекақы, 2 жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы, қысқартылған жағдайда 4 жалақы көлеміндегі төлемдер және т.б.);
— мансаптық өсу мүмкіндігі;
— мемлекеттік ұйымдарда, сондай-ақ жеке ұйымдарда тағылымдамадан өту;
— икемді кесте және қашықтықтан жұмыс істеу;
— оқыту (қайта даярлау (тағайындаудан кейін 6 ай ішінде) және біліктілігін арттыру (3 жылда 1 реттен кем емес);
— ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында грант бойынша оқу мүмкіндігі (магистратура және докторантура);
— «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру және т.б.
Сонымен қатар, соңғы жылдары жас мамандардың еңбекақысы өсіп отыр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің есігі айқара ашық, қолайлы мансаптық мүмкіндіктер бар. Қиындықтар мен жаңсақ қалыптасқан стереотиптерден қорқудың қажеті жоқ!
Жолданғар Ербол Қабдығалиұлы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы