«Мектепке жол» акциясы басталды

1 тамыз күні Қарағанды облысында «Мектепке жол шексіз жақсылық!» дәстүрлі қайырымдылық акциясы басталды. Аталмыш шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Білім басқармасы мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды, ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді және кез келген ниет білдірушілерді әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға, оларды киіммен, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен қамтуға көмектесуге шақырады.

Акцияға қатысу үшін ата-аналар өз мектебінің әлеуметтік педагогтеріне жүгіне алады. Кейін дайындалған тізім аудан әкімдігіне жіберіледі.

Білім басқармасында азаматтардың өтінішіне жауап беретін 41-22-81 сенім телефоны жұмыс істейді. Сонымен қатар толық ақпарат алу үшін мектептер мен қалалық білім бөлімдеріне тікелей хабарласуға болады.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің байланыс телефондары: 8 (7212) 50-78-81 және 41-22-81.

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы елімізде 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА

«QH»