Мектеп оқушылары арасындағы байқау

Қарағандыда болашағын журналистикамен байланыстырғысы келетін мектеп оқушыларына арналған байқау өтті. Талапты тілшілерді іріктеу қиын тапсырмаларға негізделген.

10 сынып оқушысы Богдан Багиров болашақта журналист болғысы келеді. Ол бойындағы қабілетін жылдар бойы шыңдап, енді соның нәтижесін көруге келіп отыр. Богданның айтуынша, мұндай шаралар қатысушылардың осы мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі

– Мен жалпы өмірде белсенділік танытқанды жақсы көретін адаммын. Осы конкурстан да құр қалғым келмеді. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Журналистика – сұраныстағы мамандық. Мұнда сіз адамдармен етене қарым-қатынас жасай аласыз, ой алмасасыз. Маған өте қызық, – дейді байқауға қатысушы Богдан Багиров.

Қарағандыда 9-10 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Сөйлейтін микрофон» байқауы ұйымдастырылды. Шара балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті. Оқушылар сарайының журналистика секциясы басшысының айтуынша, жоба 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде болашағынан үміт күттіретін талантты көптеген жас журналист шыққан. Жыл сайын конкурстың форматы тұрақты дамуға байланысты өзгеріп отырады, тіпті кейбір байқау түрі жабылуы да мүмкін, дейді басшы.

– Биыл біз жасанды интеллектің тым тез дамуына байланысты эссе байқауы керексіз болып қалуы мүмкін деген қорытындыға келдік. Себебі, қазір көптеген балалар нейрондық желілерді пайдаланады, өкінішке қарай, енді ештеңе бұрыңғыдай болмайды, – дейді Оқушылар сарайының журналистика секциясының жетекшісі Амина Альбазарова.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Өзін-өзі таныстыру, күрделі сұрақтарға жауаптар, суреттегі эсселер және тағы басқалары. Нәтижелерді бағалау үшін тәуелсіз төрешілер шақырылды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың бәріне сертификаттар, ал жеңімпаздарға 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдар табысталды.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                     

«QH»