Ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз?


Шәкәрім Құдайбердіұлы –философ,ірі ақын, тарихшы, сазгер, аудармашы.

Жазушының 164 жылдығына орай қызықты фактілермен танысуды ұсынамыз:

✅Бала күнінен ерекше дарынды болған ол домбыра тартып, саятшылық, сурет салу сынды өнерлерді меңгереді.

✅Меккеге барған сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Сол сапарда жинаған мағлұматтар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ хандар шежіресі» кітабын жазады.

✅Тарихи деректерде Шәкәрім Құдайбердіұлы қырық жасында орыс, түрік, араб, парсы тілдерін меңгергені жазылаған.

✅Оның әндерін алғаш нотаға голландық азамат Альвин Эрнестовия Бимбоэс «Музыкалық этнография» атты жинағының ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді.

✅Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

✅20 жасында елінде болыс болады. 1881 жылы Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға өткізеді.

✅73 жасында репрессия құрбаны болып, оққа ұшады.