Әлеуметтік дәріхана

Арзан дәрі-дәрмек аз болады. Жоғарғы сот емханалардағы әлеуметтік дәріханалар іскерлігіне тыйым салды. Медициналық мекемелер саудамен айналыспауы керек деп есептеген Монополияға қарсы департамент сотқа жүгінген.

Кәсіпкерлерді фармацевтикалық бизнестен қорғауға бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті кірісті. Монополияға қарсы мамандар Қарағанды облысының Денсаулық сақтау саласына мониторинг жүргізді. Емханалардағы дәріханалар Кәсіпкерлік кодекске қайшы келеді деп санайды. Және денсаулық сақтау басқармасына оларды жабу жөнінде бұйрық берді. Емханалар дәрі-дәрмекті тек тегін беруі тиіс екенін айтты монополияға қарсы ведомство.

– Әлеуметтік дәрі-дәрмектің бағасы жайлы нұсқама шығармас бұрын бағасын қарадық. Жекеменшік дәріханалардың көбінде мемлекеттік дәріханалармен салыстырғанда баға кейде тіпті арзан болған, – дейді Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің Тергеу бөлімінің бас маманы Бағлан Қанатова.

 

Медициналық мекемелер жанындағы әлеуметтік дәріханалар тек Қарағанды облысында ғана бар. 9 жыл бұрын жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы халықтың арзан дәрі-дәрмек сатып алу мүмкіндігі болуы үшін оларды ойлап тапты. Олардағы үстемеақы 5%-дан аспайтын мөлшерде рұқсат етілді. Коммерциялық дәріханаларда 10-нан 55%-ға дейін қосылады. Монополияға қарсы департамент сотқа шағым түсірді. Аудандық және облыстық соттар емханалардың жағына шықты, бірақ Жоғарғы сот олардың шешімін жойды.

– Егер қазір дәріханалар жабылса, біздің халық өмір сүруге қажетті дәрі-дәрмектен айырылады. Бизнеспен салыстырғанда, әрине, жеке тауар, дәрі-дәрмек үстеме бағасына шектеу бар, бірақ дәл осы жерде емханаларда бар дәріханалар бойынша 5%-дан аспайтын үстеме, яғни салдарынан халық зардап шеге ме? – деп атап өтті Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Ермек Әбілдин.

Бұл ғана емес, Қарағанды облыстық мәслихаты ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріханаларды бюджет есебінен сатып алуды мақұлдады. Көптеген елді мекенде мүлдем дәріхана жоқ және мұндай көліктер аптасына бір ауылға баруға мәжбүр болды. Сондықтан тұрғындар қалаларға бармай-ақ дәрі-дәрмек сатып ала алады. Монополияға қарсы ауылдық медициналық мекемелер тексерілмеді. Бірақ қалалық емханалардағы мемлекеттік 26 дәріхана енді жабылуы керек.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»