Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар

Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:

🔺Кипр вакцинацияланбаған тұрғындар мен туристерге жаңа шектеулер енгізді. 1 тамыздан бастап аралда SafePass антиковидтік сертификаттарының қолданылу аймағы кеңейеді. Енді олар 10-нан астам адам жиналатын немесе гипотетикалық түрде жиналуы ықтимал барлық үй-жайларда ұсынылуы керек.

🔺Словакияда тұрғындарды коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға ынталандыру үшін лотерея өткізіле басталды. Лотерея апта сайын қазан айының соңына дейін өткізіледі. Әр ұтыс ойынының жүлде қоры €2 млн. Максималды ұтыс сомасы — €100 мың, минималды — €1 мың.

🔺Малайзияда коронавирус жұқтырудың тәуліктік өсімі бойынша антирекорд орнатылды-17 786 жағдай анықталды. Сонымен қатар Жапонияда инфекцияның тәуліктік жоғары көрсеткіші жаңартылды, 12 343 дерек расталды.

Бүгінгі таңда Филиппинде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 8 735 жағдайы анықталды. Елде тіркелген науқастардың жалпы саны 1 597 689-ға жетті, ал эпидемия құрбандары бойынша көрсеткіш 28 016-ны құрап отыр. Үш күн қатарынан архипелагта аурудың күнделікті өсуі 8000-нан асады. КВИ-дің таралуына қарсы тұру үшін Филиппиннің Ұлттық полициясы адамдардың ел астанасына кіруге және одан шығуына шектеу қою үшін провинциялармен шекараларда қатаң бақылауды жүзеге асыра бастады.

🇬🇧 Ұлыбританияда SARS-COV-2 жұқтырған жағдайлардың саны 5,4 миллион адамнан асты. Соңғы тәулікте 24 мыңнан астам SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды. Бұл бірнеше күн бұрынғы көрсеткіштерден сәл төмен, дегенмен коронавирустық инфекцияның таралу жылдамдығы бәсеңдеген жоқ. 01.08.2021 ж. жағдай бойынша COVID-19 бойынша расталған жағдайлардың саны 5 856 197-ге жетті. Сонымен қатар вирус салдарынан көз жұму жағдайларының саны 129 654 адамды құрады.

⚡COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК