Әлемдегі коронавирус
АҚШ ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға бір табан жақындады.
Ересектерге арналған COVID-19 вакцинациясының мақсаты іс жүзінде орындалды. Жаңа типтегі коронавирустық вакцинаның кем дегенде бір дозасын 18 жастан асқан адамдардың 70% алды. Американың ересек тұрғындарының 60,6%-і толығымен егілді. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та COVID-19 вирусына шалдығудың 35 миллионнан астам жағдайы тіркелген, 613 488 адам ауру салдарынан қайтыс болған.
🇬🇧 Ұлыбританиядағы ересек тұрғындардың 88%-дан астамы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, 72%-тен астамы екінші дозасын қабылдаған. Алайда коронавирустың таралу деңгейі әлі де төмендеген жоқ. Өткен тәулікте 21 952 адам індетке шалдыққан. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 5 902 354-ке дейін өсті. Көз жұмған адамдардың жалпы саны 129 743-ке жетті. Жақында Ұлыбритания көптеген шектеулерді алып тастады. Ғалымдар карантинді жеңілдету вирустың қауіпті штамдарының таралу ықтималдығын арттыруы мүмкін деп ескертеді.
⚡COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК