Әлемдегі Коронавирус.

Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:

🔺Вьетнамдық Хошимин билігі қалада коменданттық сағат енгізді. Қаулыға сәйкес 26 шілдеден бастап қала тұрғындарының көшеге шығуына шектеу қойылып, қаладағы барлық қызмет келесі күні сағат 18:00-ден 06:00-ге дейін тоқтатылады. Тек төтенше қызметтердің жұмысына рұқсат етіледі.

🔺Словакия Парламенті елде коронавирус жағдайының өршу кезеңіне байланысты Заң қабылдады. Заңға сәйкес қоғамдық орындарға барған кезде келушілерден коронавирусты анықтауға тапсырылған тесттің теріс нәтижесі туралы анықтама, COVID-19 вирусынан сауыққандығы туралы анықтама немесе вакцинация туралы сертификат талап етілетін болады.

🔺Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәуліктік антирекордтар тіркелді: Малайзияда 17 045 жағдай, Таиландта 15 335 дерек, Қазақстанда 6 631 жағдай анықталды.

⚡ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК