«Контрафакт» тақырыбындағы үздік ұранға арналған республикалық байқау

Конкурс 14 жас және одан жоғары жас санатындағы Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.


Конкурсты орналастыруды қатысушылар 2023 жылғы 2 мамыр мен 15 мамыр аралығында қатысушының жеке бейінінде (account) Instagram әлеуметтік желісінің алаңында жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушының жеке бейініне ашық қолжетімділік, @adiletgovkz парақшасына болу, Instagram желісінде «Қазақстан контрафактіге жол жоқ» тақырыбына ұран орналастыру, жарияланымның сипаттамасында қатысушының аты-жөні, туған жылы, тұрғылықты жері (елді мекені) және #слоганконтрафт2023, @adiletgovkz көрсету шарттары болып табылады.
Конкурс жеңімпаздары 2023 жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің @adiletgovkz профилінде хабарланады. I, II, III, орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.