Конструктивті қоғамдық диалогтің маңызы зор
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі ретінде конструктивті қоғамдық диалогтің маңыздылығын атап өтті.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп ел бойынша «е-Otinish» ақпараттық жүйесін іске қосты, ол жолданымдарды жолдау және қарау рәсімін едәуір жеңілдетті.
Бүгінгі таңда «е-Otinish» жүйесі барлық деңгейдегі мемлекеттік органға Электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде жүгінуге мүмкіндік береді.
Жолданымды жолдау үшін азаматтарға интернет желісі арқылы «е-Otinish» сайтына кіру қажет.
Қазір ақпараттық жүйе немесе мобильді қосымша арқылы жіберілетін жолданымдардың мәртебесі туралы ақпарат пайдаланушының жеке кабинетіне немесе SMS-хабарлама арқылы келіп түседі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті азаматтардың жолданымдары мен есебін жүргізу саласындағы уәкілетті орган ретінде (Мемлекет басшысының 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығы) «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен жолданымдарын қарау сапасы» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайын операциялық бағалау жүргізеді.
Жалпы, бақылау мен қадағалаудың тиімді әдістерін пайдалана отырып азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың шағымдары мен сұрау салуларын қараудың барлық кезеңінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы жөніндегі жұмыс жалғасуда.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Аймақтық көліктік басқармасы