Үкіметте бюджеттік және квазимемлекеттік сала қызметкерлерінің жекелеген санаттарының табысы талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік және квазимемлекеттік секторлардағы жалақысы төмен қызметкерлердің табысы бойынша жиын өткізді.


Жиынға Еңбек және халықты әлемуеттік қорғау, Қаржы, Ұлттық экономика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері қатысты.
Жиынға қатысушылар 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ Қор компаниялары тобындағы жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын арттыруды көздейтін бизнес-жоспарларды қалыптастыру жолдарын талқылады.
Талқылауды қорытындылай келе Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.