Үкімет басшысы көкөніс қоймаларын жедел толықтыруды тапсырды

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады. Ол еңбек нарығының барлық негізгі көрсеткіштері бүгінгі таңда тұрақты екенін хабарлады. Бұл ретте мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын қосқанда, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, бос позицияларды жабу, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және т.б. жөніндегі шараларды іске асыру жалғасып жатыр.


Премьер-Министр халықтың табысы мен экономиканың өсуіне ықпал ететін ең маңызды фактор ол – тұрақты жұмыс орындарын құру екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жұмыс орнын құруды тапсырды. Алайда қазір Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында жұмыс тиімсіз жүргізіліп жатыр», — деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, бірқатар облыстарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша төмен көрсеткіштер байқалады және жалған жұмысқа орналасу фактілері анықталып жатыр.
Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр әкімдерге жұмыспен қамту мәселелерін және жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету жөніндегі шараларды бақылауды күшейтуді тапсырды.