Каратэшілер – жеңіс тұғырында!

Қарағанды облысының каратэшілері Кекушинкай каратэ бойынша Қазақстан чемпионатында керемет жетістікке қол жеткізді. Олар жалпы есепте 30 медаль олжалап, командалық сында 1 орынды иеленді.

Облыс құрамасы жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, 9 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль еншіледі. Бұл жеңіс – спортшылардың табанды еңбегінің, бапкерлердің кәсібилігінің және командалық рухтың жарқын көрінісі.

Қарағандылық каратэшілерді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!

Құралай КӨБЕНОВА,

«QH»