«KamaTyresKz» жұмысқа шақырады

Арман Мейірханов былтыр жұмыссыз жүрген еді. Екі қолға бір күрек іздеген ол Headhunter сайтынан Сарандағы «KamaTyresKz» шина шығаратын зауыт мамандарды жұмысқа қабылдайтынын біледі. Дереу сонда барып, өтініш жазады. Жұмысқа қабылданбас бұрын бес ай бойы Татарстанның Нижнекамск қаласында кәсіби даярлықтан тегін өтеді. «Техника саласының шебері» деген құжатты алған соң тұрақты жұмысқа орналасып,  жемісті еңбек етуде.– Шина шығаратын зауыт енді-енді жанданып келе жатқанын өздеріңіз білесіздер. «Білімімді толықтырамын. Жұмыс істеймін. Отбасымды асыраймын» деген жанға мұнда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мысалы, мен Майқұдықтан өз көлігіммен келіп-кетіп жүремін. Алайда, көлігі жоқтарға арнайы тасымалдайтын автобус та қарастырылған. Орташа жалақы 230 мыңнан басталады, – дейді Арман Маралұлы. Дайындық цехының шебері болып қызмет істейтін ол шинаны әзірленетін шикізатты дайындаумен айналысады. Компания жұмысқа қабылдап қана қоймай, резеңке бұйымдарын сынаушы, ораушы, инженер-технолог, слесарь-жөндеуші, автоматика құралдары бойынша электромеханик сынды бірнеше жаңа мамандық игеруге мүмкіндік беретін көрінеді. «KamaTyresKz» компаниясы директорының көмекшісі Виталий Дедов пресс-тур барысында тілшілер қауымын зауыттың құрастыру цехына алып барды. Шина атаулысының түр-түрін шығаратын зауыттың жылдық өндіріс қуаты – 3,5 млн. дана шина. Отандық өнім шығаратын зауыт көлік шиналарын ТМД елдеріне ғана емес, әлемнің әр түп кіріне экспорттамақ. —                     Қазірдің өзінде компания персоналы 408 адамды құрауда. 168 адам біліктілігін арттыруда. Бұл – Қазақстан аумағындағы жалғыз кәсіпорын. Соған орай қабылданар болашақ маман нөлден бастап қайта даярланады, білімін арттырады. Бүгінде 28 кәсіп бойынша кәнігі мамандар даярлап шығару ойда бар. Бір қызығы, оқып жатқан жас мамандар қосалқы жұмысшының жалақысын алады. Бірақ жұмыс тәртібінде өндірістік өзгешелік бар. Яғни, адам кәсіпорында әдеттегідей сегіз сағат емес, 12 сағат бойы жұмыс атқарады. Түнгі жұмысқа. шыққан жандарға қосымша ақы төленеді. Барлығы маманның біліктілік. деңгейіне байланысты, – дейді Марина Владимировна.Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марина Шегай арнайы өндіріс аймағы дамыған сайын жаңа жұмыс орындарының ашылғандығын тілге тиек етті. Сәйкесінше, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі облыстың әр қала мен аудандарында өткен екен. – Саран қаласының кәсіпорындарында екі мыңға тарта бос жұмыс орны бар. Осы жыл аяғында бір шина зауыты тағы 1116 адамды жұмыспен қамтымақ. Әлбетте, жұмыс іздеп жүрген кез келген адам құжатын Қарағанды қаласы Бұқар. жырау даңғылы, 51/4 ғимаратындағы «БЦ 51» бизнес-орталығы, 402 кабинетке тапсырса болады. 8 701 429 34 73, 8 701 429 34 61 ұялы телефон номеріне қоңырау да шала алады. Я болмаса, Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіне алады. Жұмысқа қабылдану үшін 11 жылдық біліміңіз болса, жеткілікті.

Өз тілшімізден.