Кәсіпкер құқығын қорғау
Прокуратура органдары жұмысының басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау болып табылады.
Осы міндеттерді іске асыру аясында аудан прокуратурасы бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау және шешуге бағытталған шараларды тұрақты негізде қабылдауда.
Жүргізілген талдаумен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша тарифтерді қолдану бөлігінде білім беру ұйымдарында тамақтану қызметтерін көрсететін кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру фактілері анықталды.
Атап айтқанда, кәсіпкерлер эклектр энергиясын пайдаланғаны үшін төлемді 2 еседен астам жоғары тарифтер бойынша төлеген.
Жалға алушылар коммуналдық қызметтерді білім беру ұйымдары үшін белгіленген тарифтер бойынша, яғни айына 1 кВт/сағ үшін 80,92 теңгеден төлеген, ал оларға заңды тұлғалар үшін белгіленген 33,19 теңге тариф қолданылуы тиіс еді.
Бюджеттік ұйымдар үшін тариф басқа заңды тұлғаларға қарағанда едәуір жоғары, алайда кәсіпкерлер ұзақ уақыт бойы жоғары тарифтер бойынша төлем жасаған, осының салдарынан олардың құқықтарына нұқсан келтірілген.
Талдау нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қазіргі уақытта кәсіпкерлердің бір бөлігі коммуналдық қызметтерді көрсететін ұйымдармен тікелей шарттар бекітті және белгіленген тарифтер бойынша төлем жүргізуде, бұзушылықтарды жою жұмыстары жалғасуда.
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы