Әйелдер тегін курстарға шақырылды

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы әйелдерді тегін курстарға шақырады. Оқыту бес бағытта жүргізіледі, олар: киіз басу, ірімшік жасау, шаштараз, кондитерлік және жылыжай шаруашылығы. Бұл – жұмысқа орналасуға немесе жеке бизнес ашуға сеп болады.

Облыста әйелдер кәсіпкерлігі дамуда. Бұған «Мен кәсіпкермін» жобасын іске асыру ықпал етеді. Оқыту – мемлекеттік қолдау құралдарының бірі.

Өтінім тілек білдірген жанның бәрінен қабылданады. ӨКП менеджерлеріне хабарласу қажет.

Мекенжайы: Қарағанды, Ермеков көшесі, 29, 1-қабат.

Анықтама үшін байланыс: +7-771-451-29-70 (бөлім басшысы Меруерт Қасымова), +7-771-271-33-66 (менеджер-кеңесші Жанар Киштаева).

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі