Ірі қараға індет тарап тұр

Шет ауданының жеке қосалқы шаруашылықтарында жұқпалы ринотрахеит пен вирустық диарея індеті белсенді түрде таралуда. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінде 775 ірі қараның ішінде қауіпті аурудың белгілері бар, алты сиыр өлген.

Қауіпті аурудың белгілері туралы алғашқы хабарлама Шет аудандық ветеринарлық станциясына қарашаның 2-сі күні түскен. Ақжал ауылының жеке қосалқы шаруашылығында 10 бас ірі қара ауруға шалдыққаны белгілі болыпты.

— Иелері сиыр мен бұқаларда сілекейдің көп бөлінуі, мұрыннан серозды ағу, кейде аздаған қан араласқан, мұрын айнасы мен мұрын шырышты қабатының гиперемиясы байқалғанын, 775 ірі қараның ауру белгілері анықталғанын хабарлады. Бүгінгі күні олардың 164- і Ақжал ауылының жеке қосалқы шаруашылығында, 44-і Ақшатау ауылында, 117-сі Мойынты ауылында, 66-сы Киікті ауылында, Ақсу-Аюлы ауылында – 366, Босаға ауылында – 18. Киікті ауылында 6 бас ірі қара өлді, — деп хабарлады Қарағанды облысының ветеринария басқармасы.

Ветеринариялық станция мамандары ауру малдан 20 сынама алып, Ұлттық ветеринариялық анықтамалық орталыққа жіберді. Ақжал елді мекенінен алынған сынамалардың қорытындысы бойынша жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея диагноздары анықталды. Бұл елді мекенде карантин жарияланды.

— Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды сауықтыру шараларын жүргізуде. Мамандар мал иелерімен бірлесе отырып, ауру малдарды вирусқа қарсы препараттар мен иммуномодуляторлар арқылы симптоматикалық емдеуде. Қалған үлгілер зерттеу сатысында. Жағдай ветеринарлық мамандардың бақылауында, — деп толықтырды ведомстводан.

Сондай-ақ, басшылық жұқпалы ринотрахеит кезінде ет піскен және деградациялық өзгерістер болмаса, мәжбүрлеп сойылған малдың өліктерін сатуға тыйым салынбайтынын атап өтті. Егер ірі қара малда мұрынның, трахеяның, өкпенің, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатында қабыну және некроздық процестер анықталса, бұл мүшелерді жою керек.

Бұл жағдай бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекция басшысы Ашкербеков Дәулет Мәктайұлы болса аудан да қазір бірқатар 11 мыңнан астам доза екпе әкелінгенін хабарлады.

— Осы шектеу бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Дезинфекция жасалды, емдеу шаралары Ақжалдың орталығында. Сосын жан-жақтағы малдарға тарамас үшін толықтай егіп бітірдік. Шет ауданы бойынша 6 округтан осындай ауру белгілері шыққан. Олардан да сынамалр алынып, ұлттық референттік орталыққа жіберілді. Соның қорытындысын күтудеміз, — деді ол.

Жұқпалы ринотрахеит тарихы: ХХ ғасырдың ортасында Америка Құрама Штаттарында тыныс жолдарына әсер ететін мал ауруы байқалды. Ол түрлі аттармен сипатталды: өткір жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, өткір трекиттер. Нәтижесінде ауру ресми атауға ие болды — инфекциялық ринотрахит. Бірте-бірте инфекция Канада, Австралия, Африка, Франциядан алынған баяндамалар сияқты әлемнің түрлі бұрыштарына таралды. Сарапшылардың пікірінше, бөлу мал шаруашылығының индустриалды өсіруімен байланысты болды. 1940 жылдары КСРО-да осындай ауру табылған, ол жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық қабынуы деп аталды. 60-шы жылдардың соңында жұқпалы ринотрахеит вирустық жасушалары КСРО-ның зерттеу зертханаларында алғаш табылды. Біраз уақыттан кейін ауруға шалдығу тіркелді және оның белгілері анықталған екен.

Расул МҰХАММЕД,

QH.