Өңірдің үздік студенттері анықталады

Қарағанды облысында колледж студенттерінің арасында «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті» байқауының аймақтық кезеңі өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа колледждегі қоғамдық бірлестіктердің, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының және еріктілер қозғалысының мүшелері, WorldSkills чемпионатының қатысушылары мен жеңімпаздары, ғылыми конференциялардың қатысушылары және олимпиадалардың, түрлі конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатыса алады.

Қарағанды облысының Білім басқармасы және Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 26 қыркүйекке дейін tipo@umckrg.gov.kz электронды поштасында конкурсқа қатысу үшін материал (өтінім, уәждемелік хат, болашақ маман ретінде студентті таныстыратын және белсенді қызметін көрсететін бейнеролик, өңірді/республиканы дамыту үшін өз мамандығы бойынша өз жобасын таныстыру) қабылдайды.

Жарыс қорытындысы 29 қыркүйекте жарияланады. Үздік 10 студент республикалық кезеңге жолдама алады.

Ақзия Оразалиева