Грецияда мемлекеттік қызмет саласының мамандарына COVID-19-ға қарсы вакцинациялау міндеттелді

Грецияда кейбір мемлекеттік қызмет саласының мамандарына COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинациялау енгізілді.


Ел үкіметінің қаулысымен медбикелер, әскерилер мен қарттар үйінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Осы елдің Премьер-министрі Кириакос Мицотакис мұндай шара коронавирус жұқтырғандар санының артуына және «дельта» штаммның жылдам таралуына байланысты қолға алынып отырғанын айтты. 💉 «Грецияның әр түпкірінде екпе алуға ниетті барлық азаматтарға вакцина жеткілікті. «Азатық» операциясының мақсаты жаз айдарының соңына қарай елдің ересек тұрғындарының 70%-ын вакциналауға қол жеткізу», — деп мәлімдеді Мицотакис. Премьер-министр коронавирустан азат болудың жалғыз жолы — вакцинация екенін айтады. 1 қыркүйектен бастап медицина мамандарына, мемлекеттік және жекеменшік құрылымдағы әлеуметтік сала қызметкерлеріне, әскерилерге вакцина алу міндеттеледі.

⚡COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК