Газға көшпеген кәсіпорын
Qarmet газға көшеді, бірақ толықтай емес. Неліктен Қарағанды металлургиялық комбинаты ТМД-дағы газға көшпеген жалғыз кәсіпорын, неге жақсы болат өндіру үшін тек газды қолдану аздық етеді, мұның экологияға оң ықпалы қандай?
Qarmet ТМД-да табиғи газсыз жұмыс істейтін жалғыз комбинат екендігі барлық металлургиялық комбинаттың басшылығын таңғалдыруда.
– Бірақ біз осылай жұмыс істейміз. Көп мөлшерде көмір, мазут және газ қолданамыз, ол өте ыңғайсыз, әрі қауіпсіздік мәселесін тудырады, өйткені ол ауадан әлдеқайда ауыр және бұл газдың қолданылуы бізге үлкен, күрделі, қымбат қауіпсіздік жүйелерін жасауды қажет етеді, оның цехқа тарап кетпеуі және жарылыс жағдайларын тудырмауы үшін. Дегенмен, біз оны қолданамыз және одан құтылуды қалаймыз, – дейді Qarmet АҚ бас директоры Вадим Басин.
Дегенмен, Qarmet комбинатын толықтай газға ауыстыру мүмкін емес. Газ домна пештеріне қажетті жоғары температураны бермейді. Сапалы болат өндірісі үшін кокс пайдаланылатын көмір қажет. Басқа цехтарды көмірден газға ауыстыруға болады. Бірақ комбинатқа жылына 2,3 миллиард кубометр табиғи газ қажет, ал Қазақстан тек осы көлемнің төрттен бір бөлігін 550 миллион кубометрді ғана бере алады. Және ол бірден емес.
– Дегенмен, мен болашақта табиғи газ мәселесі шешіледі деп үміттенемін және біз 18-ге дейін дәл осы көлемді аламыз, ол бізге мазуттан, газдан толықтай бас тартуға, көмір мен коксты азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, мазуттан толықтай бас тарту үшін бізге 419 миллион кубометр табиғи газ қажет, – деп түсіндірді Вадим Басин.
Қазіргі уақытта Qarmet өз құбырларынан газ құбырын салып жатыр. Qarmet АҚ Ақтау құбыр зауытына иелік етеді. Газ 2-ЖЭО және ПВС-ЖЭО-да қолданылмақ. Бұл өз кезегінде шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді.
– Негізгі мақсат – ауаны қорғау. Нақты енгізулермен басқару, қалдықтарды басқару және парник газдарының әсерін азайту бойынша шаралар. Жалпы, бұл кезең-кезеңімен шығарындыны 30% азайтуға арналған жол картасы. Негізгі эффект, әрине, табиғи газды енгізу арқылы болады. Негізіне келгенде, бұл әртүрлі ластаушы заттың 45 000 тоннасына дейін азаюы болады, – деп атап өтті Qarmet АҚ экология жөніндегі директоры Мадина Қуантаева.
Теміртау қарының толығымен тазаланатынына күмән бар, бірақ бұрынғыдан әлдеқайда таза болуы тиіс.
Жұпар ТОНТАЙТЕГІ,
«QH»