Есеп берілді

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті есеп беру брифингін өткізді. Талқыланған негізгі тақырыптар: өрт қаупі, балалардың терезеден құлауы және алдағы жылыту маусымы.

Өкінішке қарай, негізінен қауіпті жағдайлардың көбі адамдардың өзінен болады, дейді мамандар. Өз қауіпсіздігіне жауапсыз көзқарас көбінесе қайғылы салдарға әкеледі. Мәселен, соңғы 7 жылда Қарағанды аумағында суға батудың 14 фактісі тіркелді, оның 3-і балалар.

– Үздіксіз айтылып жатқан ескертулерге қарамастан, ТЖ қызметкерлері күн сайын дерлік заң бұзушылықтардың куәсі болып жатады. Есепті кезеңде полиция және ТЖ қызметкерлері ережені бұзғаны үшін 200-ден астам хаттама жасады. Көбінесе құқық бұзушылар кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары не істеп, қайда жүргендерінен хабарсыз, – дейді ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Сұлтан Зейнуллин.

Департамент қызметкерлері адамдардан жауапкершілікті көрсетуді және жеке қауіпсіздік үшін белгіленген ережелерді сақтауды сұрайды. Үстел басында талқыланған тағы бір тақырып – балалардың терезелерден құлап кетуі. Ағымдағы жылдың 9 айында балалардың терезеден құлауының 11 жағдайы тіркелді, оның 2-уі өкінішке қарай қайғылы жағдаймен аяқталды. Өткен жылы да дәл осындай статистика анықталды. Бүгінгі таңда басқарма қызметкерлері халықтың әлеуметтік топтарына балаларға қатысты көмек көрсету бағдарламасын іске асыруда. Отбасыларға терезелерге арнайы блокаторлар орнатуға көмектеседі, бірақ бәріне емес. ТЖ қызметкерлері ата-аналардан өз балаларын қадағалап, терезелерден алшақ ұстауды сұрайды. 106 төтенше жағдай, 10 жәбірленуші және 6 адам қаза тапты. Көңіл көншітпейтін статистика. Өткен жылғыдан кем түспеді. Негізінен өрттің себептері – қауіпсіздік ережелерін бұзу. Сұлтан Зейнуллиннің айтуынша, азаматтар электрониканың сапасына сирек мән береді. Көбісі ескі жылытқыштарды пайдаланады, оларда өзін-өзі реттегіш жоқ, біреу үйден кетіп бара жатып, жабдықты қосулы қалдырып кетсе, мұның бәрі өрттің және сымдардың жану қаупін арттырады. Жер үйлерде пеш қолдану да басталды. ТЖ департаменті пеш жабдықтарының дұрыстығын алдын ала тексеріп, киімді, отынды және басқа да тез тұтанатын заттарды отқа жақын жерде ұстамауды сұрайды.

ҚАНАҒАТ ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»