Ерлік сабағы

Конститутция күніне орай Қарағанды облыстық полиция департаментінің жауынгерлік және еңбек даңқы музейіндегі кездесу өтті. Шара барысында Қазақстан полициясының қалыптасуы жолында еңбек еткен аға буын өкілдері жастарға ерлік сабағын өткізді.

Ішкі істер органындағы қызмет ел тыныштығын күзетіп, қылмыстық ахуалды болдырмауға қоғамдық тәртіпті нығайтуға белгіленген міндет. Ерлік сабағы- осынау қызметтік мақсат-міндетті бір арнаға тоғыстырған ардагерлер мен бүгінгі жас қызметкерлердің ортақ мүддесін ортаға салды. ҚР Конститутция күніне орай ұйымдастырылған шараға қылмыстық іздестіру бөлімінің ардагері Рақымбек Саттыбаев, тергеу қызметінің ардагері Татьяна Шишкина, Ішкі істер органының ардагері әрі Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Хамза Мұсаев шақырылған.

— Біздің ардагерлер, ардақты жас қызметкерлер, барлықтарыңызды Ата заңымыз, ҚР Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге тілейтінім, зор денсаулық, қажымас қайрат, жас қызметкерлер сіздер биік белестерге жете беріңіздер. Соған тілектеспіз, -деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев.

Әр мемлекеттің болашағы жастарда сол жастарға аға буын қызметкерлер, яки ардагерлердің ақыл-кеңесі мен тәлімі аса маңызды екені айқын. Ерлік сабағын өткізудегі мақсат та сол. Ішкі істер орган ардагерлері бастан өткерген қызметтік оқиғаларын айтып, жастарға ағалық ақыл, дұрыс тағлым берсе дейді. Осы ретте іс-шара барысында ардагерлерге Полиция департаменті басшылығы атынан алғыс хаттар табыс еттілді.

Қоғамдық тәртіпті қадағалап ел тыныштығы үшін қалт кетпеуге міндетті полиция органы өкілдері заң талабының орындалуына тікелей жауапты қызметкерлер. Осы ретте, 1995 жылдың 30 тамыз күні қабылданған Конституция Қылмыстық кодексті, Қылмыстық іс жүргізу кодексін және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті қоса алғанда жалпы заңнамалық базаны жаңартуға негіз болғаны да сөз болды. Тағлымды кездесуде жас қызметкерлер де сөз алып, ардагерлерге алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жолдады.

Айдын ТОНТАЙТЕГІ, «QH»