Еріктілер ақпараттық парақша таратты

Қалалық штаб еріктілері адам көп шоғырланған жерлерде коронавирустық инфекцияны алдын алу туралы ақпараттық парақшаларды және бетперде тарату бойынша акция өткізді.


Қаланың 5 жерінде бір мезетте өткізілген акция барысында еріктілер 1500-ге жуық бетперде және 2000-ға жуық ақпараттық парақшалар таратты.