«Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» атты патриоттық сағаты өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін тойлау қарсанында 5516 әскери бөлімінде «Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік» атты патриоттық сағат өткізілді. Бұл іс-шара қалалық 3 кітапханамен және де Теміртау қ. Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп өткізілді. Патриоттық сағатта ортаға сарбаздар да өнерін салып, би билеп, ән шырқады. Ал соңында 3 айлық курсты мемлекеттік тілді үйрену бойынша оқып шыққан бөлімнің 20 әскери қызметшісі сертификаттар алды. Казтест тапсырып, өздерінің білім деңгейлерін терең көрсете білген бірқатар әскери қызметшілер мақтау қағаздармен марапатталды. Бөлімнің әскери қызметшілеріне әскери патриоттық тәрбие беріп, мемлекеттік тілді оқып, үйретуге белсене ат салысқан тілдерді оқыту орталығының басшысы М.Боғдатқызына, әдіскер Ж.Нуркешевнаға алғысымызды айтамыз.