Еліміздегі заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді

Соңғы бірнеше жылда ұлттық заңнама айтарлықтай пысықталды. Атап айтқанда, 2019 жылы нарықта пайда болып жатқан есірткілер тізімі заңмен емес, қаулымен бекітілетін болды. Жалпы тізіміне есірткінің 117 түрі енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады.

Оның айтуынша, бұрын интернет ресурстар арқылы сату тармағы болмаған. Осыған орай, ол ҚК 297-баптың 3 тармағының 5-бөлігіне енгізілді. Содан кейін Жарнама, насихаттау деген баптар болды. Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен 150 факті тіркелді, оның ішінде 79 — жарнама бойынша, интернет арқылы сату -153 факті.

«Өткен жылдың қыркүйек айында Үкімет қаулысымен аса қауіпті заттардың (мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары – 3 грамнан 1 грамға дейін, синтетикалық каннабиноидтар – 50 грамнан 1 грамға дейін және т. б.) «криминалдық» мөлшері азайтылды. Тиісінше, оларды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Енді сату мақсатынсыз сақтағаны үшін мұндай заттардың 1 граммынан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайды. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жеке шикізат базасының болуы- есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдағы тағы бір бағыт. Бұл көбінесе Қызылорда облысында қарасораны заңсыз егуге қатысты. Арнайы операциялар жыл сайын өткізіледі. Бұрын «Көкнәр» деп аталған, қазір «Қарасора» — жыл сайын 1 маусымнан 30 қазанға дейін өтеді», — деді спикер.