Елдегі эпидемиологиялық-санитарлық жағдай
Елдегі эпидемиологиялық-санитарлық жағдай бойынша
Қазақстан Республикасы 26 шілдеден бастап «қызыл аймақта» тұр. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер қызыл аймақта орналасқан.
Ағымдағы жылдың 3 тамызында республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындары 56%-ды, реанимациялық төсек-орындар 44%-ды құрады.
Инфекциялық төсек-орындармен ең көп қамтылғандар — Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында; реанимациялық төсектер — Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Министрліктің жетекші қызметкерлері мен медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының құрамында Қазақстанның 10 өңіріне шығуды қамтамасыз етті.
Өңірлерде егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, жағдайды тұрақтандыру үшін нақты ұсыныстар берілді.
©Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі