Ел дамуындағы жаңа серпін
Биыл Президенттің саяси реформалар пакетін жариялағанына 3 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай Қарағанды облысындағы сарапшылар мен халық қалаулылары өз пікірлерін ортаға салып, аталған реформалардың ел өміріндегі әсерін сананың сүзгісінен өткізіп, терең талдаудан өткізді. Олар мемлекеттік басқару, құқықтық жүйе және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған өзгерістерді мұқият қарастырып, қазіргі таңдағы жетістіктер мен болашаққа бағытталған қадамдарды талқылады.
Сарапшылар мен депутаттар реформалар пакеті еліміздің саяси жүйесінде жаңа бетбұрыстар жасай отырып, демократиялық принциптер мен азаматтардың құқықтарын қорғауды маңызды мақсат етіп қойғанын атап өтті. Мемлекеттік басқару саласында басқарудың тиімділігін арттыру, құқықтық жүйені жаңғырту және азаматтық қоғамды нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижелері байқалуда. Қарағанды облысындағы қоғамдық пікір көшбасшылары мен заңгерлер бұл өзгерістердің қоғамға тигізген әсерін талқылай отырып, реформалардың айқын оң өзгерістерге әкелгенін, бірақ кейбір мәселеде әлі де жұмыс жасау қажеттігін де атап өтті. Қазірге дейін атқарылған жұмыстар мен болашақтағы мақсаттарды сараптап, олар өз ойларын ашық айтып, алдағы уақытта қандай қадамдар жасау керектігін бөлісті. Президенттің пәрменді бастамалары еліміздің демократиялық дамуын жаңа деңгейге көтерді. Ал саяси жаңғыру – егемен елімізді даңғыл жолмен өркендетудің бірден бір айқын амалы, – дейді Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Мира Махатчина. Жаңа реформаға сәйкес мемлекет басшысының туыстарын мемлекеттік қызметке тағайындауға болмайды. Саяси жүйе нәтижесінде Президент қайта сайлану құқығынсыз бір рет 7 жыл мерзімге сайланады.
– Мемлекеттік басқару ісіне, қызметтерді, жақын туыстарды қабылдамау шектеуі. Қосымша Парламентпен соттың өкілеттілігін кеңейтіп, оған мемлекеттік араласуын азайту. Жалпы біз азаматтық қоғам құратын болсақ, неден басталады? Азаматтардың қоғам ісіне белсене араластыру керек. Ол мәселе сайлау ісіне байланысты. Сайлаудың аралас үлгісі қолға алынды. Республикалық маңызы бар қалаларды алатын болсақ, облыстарда тура сондай аралас үлгі болды да, ал аудандық қалалықта тек қана қабылданды. Жетістіктерді біз көріп отырмыз. Аудандармен ауыл әкімдерін сайлаушылар өздері сайлайды. Яғни, сол өңірдегі белсенді, өңірді дамытатын дайын азаматты сайлау сайлаушыларға берілді, – деп түсіндірді Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Мира Махатчина.
Сонымен қатар, әкімдерді халық өзі сайлайтын болды. Ал Қарағанды облысында 2021-2024 жылдар аралығында 200 тікелей сайлау өткізілген. Оның ішінде қала-аудан әкімдері сайланды. Айта кетейік, партиялық жүйе либерализацияланды. Конституциялық сот қайта құрылды. Бұл өзгерістер Президенттік өкілеттіктерді қысқарту мен Парламент пен сот жүйесін нығайтуға жол ашқан.
– Бірінші жариялаған кезде 4 пакет болды. Оның ішінде біріншісі митинг бойынша заңнаманы өзгерту. Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру. Сондай қағиданы жасау. Сосын күшті президент, ықпалды парламент, халыққа есеп беретін үкімет деген қағиданы президент сол кезде айтты. Ең бастысы осы, деп есептеймін. Бұл енді тұжырымдама ретінде жүзеге асыру үшін президент бірнеше заңналамаға өзгерістермен, толықтыру еңгізу туралы шешім шығарды. Бірінші, сайлау туралы заңға, партиялар туралы заңға және де Президент өзінің ұсынған мәселелері бойынша конституцияға өзгерістер еңгізді. Жалпы алып қараған кезде, мемелекет халықтың жағдайын жақсартуға бет бұрды. Барлық реформаны жасап тастау мүмкін емес, ұзақ жылдарға арналған стратегиялық мақсат деп есептеуіміз керек. Шыдамды болып, белсенді болып, еңбекке араласу керек, – деп санайды Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев.
Елімізде «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы 2023 жылдан бері жүзеге асырылуда. Алғашқы жылы кәмелетке толмаған балалардың шотына 100 доллардан, былтыр, 129 доллардан аударылды. Ал Қарағанды облысында осы жылы кәмелетке толған 2 532 баланың өтініші орындалған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға 1 394 бала ниет білдірген. Дегенмен, реформалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, демократиялық институттарды нығайту деп топшылайды сарапшылар мен халық қалаулылары.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»