Екпе – денсаулық кепілі!
Вакцинация – инфекциялардан қорғаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі.
Вакцинация – медицина ғылымының миллиондаған адам өмірін құтқаратын күмәнсіз жетістігі. Вакцинация бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр.
Вакцинацияның адам денсаулығы мен өмірін сақтау үшін қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін бұрын қандай қорқынышты өлім аурулары болғанын еске түсіру жеткілікті. Оба, қара шешек індеттері бүкіл құрлықты қамтыды. Кей елде тұрғындар көбінесе толығымен жойылды. Қазір бұл аурулар іс жүзінде кездеспейді. Барлық елде жаппай жүргізілген профилактикалық екпе адамзатты осы қорқынышты инфекциялардан құтқарды. Қазіргі уақытта дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, паротит, полиомиелит, тұмау және басқалары сияқты 20-дан астам аурудан қорғауға арналған вакцина бар.
Вакцинопрофилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан бәріне қажет. Қазір көптеген адам балалық шақта бір рет жасалған көптеген вакцинацияны өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, ал бұл – инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі болады.
Әсіресе баланы вакцинациялауды таңдаған немесе таңдамайтын ата-аналарға жүгінгіміз келеді, себебі көптеген адам кейбір инфекция сирек кездеседі және қауіп төндірмейді, ал вакцинация аурудың өзінен де қауіпті деп санайды.
Алайда көкжөтел немесе дифтериямен ауыратын баланы көрген ата-аналарда вакцинациялау қажеттілігі туралы мәселе туындамас еді, өйткені вакцина алмаған балада ауру едәуір қиын өтеді, аурулар ауыр асқынулар тудырады, кейде өлімге де әкеледі.
Әрбір адамның екпе алуы жұқпалы аурулардың алдын алу және өмірін қорғауда үлкен маңызға ие. Халықаралық байланыс, туризм, еңбек миграциясы дамыған қазіргі әлемде кез келген жұқпалы аурудың таралу қаупі өте жоғары. Ондаған миллион адам өмірін қиған тырысқақтың, табиғи шешектің, обаның жойқын эпидемиясы тарих есінде. Сондықтан ертеден адамдар жұқпалы аурулардан нәтижелі қорғану заттарын іздеуге тырысқан. Екпелер медицинаның қазіргі даму кезеңінде нәтижелі емі табылмаған ауруларға қарсы жасалған. Тарих – екпе сияқты сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін қауіпсіз және нәтижелі төмендете алатын денсаулық сақтау шеңберінде ешқандай қатысушылықтың жоқтығының дәлелі.
Сондықтан жұқпалы аурулардың алдын алу денсаулық сақтау жүйесінде басты бағыт болып қалады. Алайда екпенің нәтижелілігі екпемен уақытылы және толық қамтылуға байланысты.
Екпеден жаппай бас тарту әлемнің түрлі елінде қауіпті эпидемиялық салдарларға алып келді.
Екпенің нәтижелі бағдарламасы арқасында әлемнің көптеген елі егілу көмегімен алдын алатын жұқпалы аурулардың бұрқ ету салдарын сезінген емес. Осының нәтижесінде халық арасында бейқамдылық сезімі пайда болды. Төмен сырқаттанушылық жағдайында кей адам екпені аурудың өзінен қауіпті деп есептейді.
Қазіргі кезде бұл жағдай біздің мемлекетте де орын алған және халықтың бұқаралық ақапарт құралдарынан ғылыми дәлелі жоқ ақпарат алуының салдарынан өршіп келеді.
Әр мемлекетте халық арасында жаппай екпе жүргізілуін қарастыратын алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесі қолданылады. Қазақстан Республикасының алдын алу екпесінің Ұлттық күнтізбесінде 11 жұқпаға қарсы екпе жүргізіледі, олар: В гепатиті, туберкулез, күл, сіреспе, сал, қызылша, қызамық, көкжөтел, эпидемиялық паротит, пневмококкты және гемофилді инфекция.
Егер сіз бүгінгі күнге дейін егілмеген болсаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі емханаға жүгініңіз.
Екпе барлық халыққа бірдей ақысыз және қолжетімді!
Екпеден бас тартпаңыздар, егілудің арқасында өздеріңізді және жақындарыңызды, балаларыңызды жұқпалы аурудан сақтайсыздар.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы