Дунайдағы бәтеңкелер

2005 жылы Венгрия астанасында Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған ерекше мемориалдық кешен ашылды. Мүсіншілер Дунай өзенінің 40 метрлік жағалауына шойыннан құйылған 60 жұп аяқкиім орнатты. Мұнда ерлердің, әйелдер мен балалардың түрлі үлгідегі және түрлі өлшемдегі бәтеңкелері бар. Сырт көзге өте қарапайым дүние болып көрінеді. Бірақ мәніне үңілсеңіз, денеңіз түршігеді.

1944-1945 жылдары фашизмнің бойынан қуат кетіп, әлсірей бастады. Оның жеңілетіні анық еді. Бірақ адамзатқа қарсы қылмыс жалғаса берді. Жендеттер Дунай өзенінің жағасында 10 мыңға жуық адамды атып өлтірген. Неге өзен жағасы таңдалды? Өйткені олар құрбандықтарын жерлеуге ерініп, мәйіттерді суға батырып жіберуді жеңіл санаған. Сондай-ақ оқ үнемдеу амалы еді. Олар тұтқындарды 60 адамнан тұратын топтарға бөліп, бір-біріне желілей байлап тастаған. Осыдан соң өзен жағасына әкеліп, тек біреуін ғана атып өлтіреді. Ал ол суға құлаған кезде қалған 59 адамды бірге ала кетеді. Жағалауда фашизм оғынан құрбан болғандардың аяқкиімдері ғана қалған. Сондықтан мемориалдық кешен авторлары 60 жұп аяқкиімге мүсін орнатуды жөн көріпті.