Дизель отынын жеткізу үшін облыстарды МӨЗ-ге бекітіп беру кестесі жасалады – Энергетика министрлігі

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның нормаларына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мұнай өнімдеріне деген қажеттілік көлемін айқындайды және министрлікке АШТӨ үшін дизель отынын жеткізу көлемі туралы ұсыныстар енгізеді. Осы ұсыныстардың негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, маусымдық дала жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отынын жеткізу үшін облыстарды МӨЗ-ге бекітіп беру кестесі бекітіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.


«Облыс әкімдіктері өз деңгейінде фермерлерге дизель отынын жеткізу бойынша операторларды белгілейді. Сонымен қатар, салалық Заң нормаларына сәйкес «мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде 1 наурыз – 31 мамыр және 1 тамыз – 31 қазан аралығы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге басымдық беруге міндетті», — деді спикер.