Денсаулық сақтау министрі Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау үшін салада не істеу керектігін айтты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен ведомство басшысы Ажар Ғиният халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге сала алдында тұрған міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
А. Ғиният еліміздің денсаулық сақтау саласының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасын атап өтті. Мәселен, 2022 жылдың он айында халықтың жалпы өлімі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,3%-ға төмендеді.
«Бұл ретте қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім – жітім көрсеткіштерінің шамамен 32,2%-ға, обырдан болатын өлім-жітім-9%- ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім-1,8 есе, ал туберкулезден болатын өлім-жітім 12,5%-ға төмендегені байқалады. Ана өлім-жітімінің 3,2 еседен астам елеулі төмендеуі байқалады», — деді министр.
Сондай-ақ, нәресте өлімінің 2021 жылғы 3020 жағдайдан өткен жылы 2684 жағдайға дейін төмендеуі байқалды.
Жаңа туған нәрестелердің өлімін азайту бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда, деп атап өтті ДСМ басшысы.
МСАК-ты одан әрі дамыту қажеттілігіне назар аудара отырып, мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі МСАК-тың үлкен ұтқырлық пен халықтың кең ауқымына қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті және іске асыруда. Министрдің айтуынша, биылғы жылы халыққа сұранысқа ие медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету бойынша жұмыс күшейтіледі, халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту 3,8 млн астам адамға жетеді.
Бұдан басқа, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын әзірлеу жоспарлануда, ДДҰ мақұлдаған МСАК-тың пациентке бағдарланған озық практикаларының жобаларын енгізу бойынша жұмыс жалғасады.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге келетін болсақ, өткен жылы мұнда 80 МСАК объектісі пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2022 жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілгенін, бұл ретте ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын талдауды ескере отырып, зерттеп-қарау тізбесі кеңейтіліп, жас санаттары толықтырылғанын еске салды.
Мәселен, бүгінде зерттеліп-қаралған 838 мың ауыл тұрғынынан 29 мыңға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері байқалды.
Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде медициналық ұйымдар базасында қосымша 72 дәріхана пункті және ауылда 161 жеке дәріхана ашылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жұмыс бағыттарына тоқтала отырып, министр 2023 жылы оны іске асыру «алтын сағат»қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын 309 МСАК объектісін салуды, 11 ауданаралық аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізуді, сондай-ақ ірі қалаларға бармай-ақ мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді көздейтінін атап өтті.
Сонымен қатар, ұлттық жоба денсаулық сақтау ұйымдарын 575 заманауи медициналық жабдықпен жарақтандыруды көздейді.
Сондай-ақ, құжатты іске асыру шеңберінде 2023 жылы 307 медицина қызметкері, оның ішінде 54 жалпы практика дәрігері, 253 орта медицина қызметкері даярланды.
Бұдан әрі, А. Ғинияттың айтуынша, мамандандырылған кардиохирургиялық және кардиологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2022-2023 жылдарға арналған ҚР-да қанайналым жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітіліп, іске асырылуда
Республикада жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде ҚЖА-дан өлім-жітім 32,2%-ға, оның ішінде гипертониядан 36%-ға, ЖИА-дан 42%-ға, инсульттан 29,4%-ға төмендеді.
Жұмыс істеп тұрған 75 инсульт орталығының 4-еуі 2022 жылы, өткен жылы 2-деңгейдегі 41 жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін тері арқылы коронарлық араласу орталықтарының 3-еуі (Астана, Шымкент және Түркістан қалалары)ашылды. 2023 жылы тағы 2 деңгейлі 8 инсульт орталығы мен 4 тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу жоспарлануда, деп толықтырды министр.
Денсаулық сақтау жүйесінің тағы бір маңызды міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды платформасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы басталатын онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту болып табылады. Бұл жұмыс қолда бар диагностикалық жабдықты жаңғырту, ядролық медицина орталықтарын ұйымдастыру; аз инвазивті хирургияны және емдеудің интервенциялық әдістерін дамыту, ісікке қарсы жаңа дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру, қазіргі заманғы онкологиялық орталықтарды құру және т. б. сияқты шараларды көздейді.
«Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде біз ағымдағы жылы өмір сүретін 5 жыл және одан да көп онкологиялық науқастардың үлес салмағы 0,5%-ға ұлғаяды және Д-есепте тұрған пациенттердің жалпы санының 56,5%-ды құрайды деп күтеміз», — деп атап өтті А.Ғиният.
Сонымен қатар, саланың кадр ресурстарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта республикада медициналық кадрларға қажеттілік 7,7 мыңнан асады, оның ішінде 3,9 мыңға жуық дәрігер, 3,8 мыңға жуық орта медицина қызметкері бар.
Министрдің айтуынша, дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылы республикалық бюджет есебінен 4700 білім беру гранты, оның ішінде 1500 резидентура гранты бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде биыл республикалық бюджет есебінен резидентура гранттарының санын 70%-ға ұлғайту және оларды 2,5 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы дәрігерлерге деген қажеттілік 12%-ға төмендеді, 20 мыңнан астам дәрігер мен 31 мың орта медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру жүргізілді.
Министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) рөлін атап өтті, оның есебінен 2022 жылы медициналық көмекті қаржыландыруға қосымша 900 млрд теңгеден астам қаражат алынды. Олар бұрын қаржыландыру тапшылығын бастан өткерген бағыттарды дамытуға бағытталды, сондықтан профилактикалық тексерулерді қаржыландыру көлемі 2 есеге, медициналық консультациялық-диагностикалық қызметтер мен оңалту 1,5 есеге, стационарлық көмек 1,2 есеге, жоғары технологиялық медициналық көмек 2,2 есеге ұлғайды.
МӘМС жүйесімен қамту туралы айта келе, министр 2022 жылғы 1 қаңтарда МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған адамдардың саны 15,5 млн адамды немесе ел халқының 81,3%-ын құрағанын хабарлады. Өткен жылдың ішінде МӘМС жүйесіне 700 мыңнан астам адам тартылды және сақтандырылғандар саны 16,2 млн немесе ел халқының 83,2%-ды құрады.
Министр өз сөзін қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды платформасының шеңберінде жүзеге асырылатын денсаулық сақтаудың бірқатар маңызды міндеттерін атап өтті.