Жауапкершіліктен қашу қоғамға пессимизмнен де көп зиян келтіреді
«Неге әдебиетте «Зар заман ақындары» деп атаймыз? Өйткені ол дәуірдің сипаты сондай болды. Ел мемлекетінен айырылғаннан кейін ақындар заманның зарын жырлады. Атау да содан шыққан. Ал Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей жыраулардың жырларына қараңыз. Олардың шығармаларында өршіл рух басым. Себебі артында ханы бар мемлекет тұрды.
Ал қазіргі жағдайға қарасақ, тәуелсіз мемлекетімізге 35 жыл толды. Қазақша айтқанда, орда бұзар жас. Мемлекетіміз орда бұзатындай жасқа жетті. Көршілеріміз бен шетелдер еліміздің дамуы мен мүмкіндігін жоғары бағалап, бізбен дос болуға ұмтылады. Бұл да ұлттық санамыздың қалыптасуына әсер етуі керек.
Қазір біздің мақтанышымыз – дамып келе жатқан мемлекетіміз. Қазір қоғамда жауапкершіліктен қашу дағдыға айнала бастады. Ал оның зардабы пессимизмнен де ауыр», — дейді «Айқын» газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы.
