Бос жұмыс орындары ұсынылды

Жастар жазғы демалыс маусымын тиімді өткізуі тиіс. Оларды жұмысқа орналастыру, демалыстарын тиімді үйлестіру және құқықтарын қорғау мәселесінің өзектілігі артып отыр. Осыған орай 2 маусым күні Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданындағы Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде (Магнитогорск көшесі, 19) көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік осал топтарға арналған 20 мемлекеттік орган, 25 жұмыс беруші орган, 10 үкіметтік емес ұйым, құқық қорғау органдары мен прокуратура, пробация қызметі, Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы өкілдерінің қатысуымен ауқымды іс-шара өтті.

Жиынға Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова, Қарағанды қаласы Полиция департаментінің өкілдері, Әлихан Бөкейхан ауданы прокурорының қызметкерлері және қалалық мәслихат депутаттары қатысқанын да атап өткен жөн.

Консультативтік-көшпелі жәрмеңкеде қала жастары балалар құқықтарын қорғау, балалардың жазғы демалысы, қамқоршылық мәселелері, жұмысқа орналасу, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау мәселелері, интернет алаяқтықтан қорғау мәселелері, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауының маңыздылығы және т.б. мәселелер жөнінде консультация алып, заңнаманы түсіндірді, жаяу жүргіншілер есірткі қылмыстарына қарсы күрес жөнінде профилактикалық консультация өткізді.

Келушілерге 2 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Өткізілген іс-шарада 85 азаматқа кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде консультация берілді. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Кәсіптік оқыту» бағыттары жөнінде консультациялық жұмыс ұйымдастырылды. 23 азаматқа жұмысқа орналасуға жолдама берілді. Оның ішінде пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға 10 жолдама, алименттік берешегі бар азаматтарға 6 жолдама берілді. Бос орындар жәрмеңкесінде қаланың 25 жұмыс берушісі 200-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды.

Көшпелі консультативтік іс-шаралар жалғасатын болады. Өткізу күні мен уақыты туралы ақпаратты қосымша хабарлаймыз.

Өз тілшімізден