«Борышкер» іс-шарасы өтті

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық прокуратурасы бастамасымен 2022 жылдың 20-22 қыркүйек аралығында аудан аумағында (Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау) әкімшілік айыппұлдардың өндіріліп алынуын және алименттердің уақытылы төленуін жақсарту бағытында аудан полициясының қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі үшін пысықтау жүргізу уақытында алимент жөнінде борышкерлер мен әкімшілік жауаптылыққа тартылған және айыппұлдарын уақытылы төлемеген тұлғалар барынша тексерілді.

Борышкерлерге хабарлама тапсыру үшін пәтерлер араланды, сондай-ақ заңда белгіленген мерзімде алименттер мен әкімшілік айыппұлды уақытылы төлеу жөнінде құқық бұзушыларға құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 3 991 612 теңге сомасына 192 қаулы орындалды, 3 620 070 теңге сомасына алимент берешегі өтелді.

Алимент және әкімшілік айыппұлдар берешегін өндіріп алу жөніндегі осы іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Аудан прокуратурасы құқық бұзушыларға алименттер мен айыппұлдардың уақытылы төленуін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының қабылдануын күтпестен ескертеді, бұл жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу бойынша қосымша шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алименттер мен әкімшілік айыппұлдарды төлемеу «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Қарағанды қаласы

Әлихан Бөкейхан ауданының

прокуратурасы