«Боралдай-Нұр-сұлтан»бағыты бойынша авиациялық қызмет әскери қызметшілерінің велошеруі басталды

2022 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің 30 жылдығын мерекелеуге орай «Боралдай-Нұр-сұлтан»бағыты бойынша авиациялық қызмет әскери қызметшілерінің велошеруі басталды.

Веломарафон бағыты Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Ақмола облыстарын қамти отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді
Бүгін Қарағанды қаласында акцияға қатысушыларды Қарағанды қаласы әкімдігінің, полицияның, қаланың жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен еріктілер салтанатты түрде қарсы алды
Кездесуде веломарафонға қатысушылар веложарыстың мақсаты, одан ар5ы бағыт және Қазақстан аумағы бойынша саяхаттан алған әсерлері туралы айтып берді.
Велошерудің салтанатты аяқталуы 11 шілдеде Нұр-сұлтан қаласында өтеді