Біздің оқушылар спортта да мықты

Алматыда дене шынықтырудан республикалық олимпиада өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 170-тен астам оқушы қатысты. Жалпыкомандалық есепте 5-6 сынып оқушылары арасында Қарағанды облысының құрама командасы үшінші орынға ие болды.

Және үш оқушымыз жеке есепте жүлделі орындарға ие болды: Алина Склюева мен Матвей Погорелов екінші, Мансұр Тайлақов үшінші болды.

Дене шынықтыру олимпиадасы бес спорт түрінен (футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика және гимнастикалық жаттығулар кешені) өтіп, онда оқушылар теория жөнінде сынасып, жарыстарда сайысты. Әр формадағы қатысушы допты игеру дағдыларын, ептілігін, жылдамдығын және т.б. көрсетуі керек болды.

Шахтинск қаласында өткен республикалық олимпиада алдында өңірлік турнир өтті, балалар үздік нәтижеге қарай барлық мектептен іріктелді. Осыдан кейін екі апта бойы жас спортшылар жарысқа дайындалды.

– Олимпиадада әр пән ұпаймен бағаланды. Қатысушыларға ұпай берілді, мықтылары қорытынды ұпайға қарай анықталды. Барлығы ашық болды. Біз үшінші орынға ие болдық. Жеңіл атлетика мен теориядан кейін екінші болдық. Дене шынықтыру олимпиадасына қатысатын спортшылар футболшы, баскетболшы, волейболшы, сондай-ақ гимнаст және жеңіл атлет болуы тиіс. Бір баланың бойында осының барлығы болуы керек, футболшыға гимнастика жаттығуларын үйрету қиындау болды. Дегенмен біздің балалар жақсы нәтиже көрсетті, – дейді Қарағанды командасының жетекшісі, Шахтинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның педагог-зерттеушісі Альфия Ольхова.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»