Біздің кәсібилілікті көрсеткен қорытынды тексеріс

5516 әскери бөлімінде 01-05 қараша аралығында жазғы оқу кезеңі үшін қорытынды тексеріс өтіп, алған білімдерін және даярлықтарын көрсетті. Қорытынды тексеріс тапсырған әскери бөлімдер белгілі бір бағаға жауынгерлік сайыс міндеттемесін алады. 5516 әскери бөлімі жауынгерлік сайыс міндеттемесін «жақсы» деген бағаға орындаймыз деп шешім қабылдады. «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған» ұранымен қорытынды тексеріске кірісті.

Қорытынды тексерістің бірінші күнінде бөлімнің  саптық байқаудан қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстары, бөлімшелер мен әскери бөлімнің жаяу тәртіптегі саптары сонымен қатар әскери киім нысанын кию тәртібі қаралды. Келесі мемлекеттік құқықтық дайындық сабағынан барлық әскери қызметкерлерден тестілеу алынды.

Екінші күні Қарабас кентінде атыс алаңында ату жаттығуларын орындады. Күннің суығына қарамастан офицерлер, келісім шарт бойынша қызметкерлер, сарбаздар нысанға дәл тигізгендері дайындықтың жоғары болғанын көрсетеді.

Үшінші күні химиялық, биологиялық қарудан қорғанудан жалпы қорғаныс комплектісін киюден нормативтерін орындады. Содан кейін дене даярлығы тексерілді. Дене даярлығынан әскери қызметкерлер қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсету, белтемірге тартылу, 100 метр және 1 шақырымға жүгірді. Жауынгерлік қызметтік қолдану тактикасынан нормативтерді, жалпы әскери жарғы және әскери инженерлік даярлықтан тест тапсырды.

Төртінші күні жауынгерлік әзірлігі тексерілді. Бөлімімізге оқу дабылы түскеннен бастап жедел қимылдап жауынгерлік әзірлігіміз жоғары дәрежеде екені байқалды.

Соңғы бесінші күні қорытынды тексірісті нәтижелерін қорытындылады. Әскери бөлім қорытынды тексерісті «жақсы» деген бағаға тапсырып жауынгерлік сайыс міндеттемесін орындады. Сонымен қатар бөлім командирі подполковник Омаров Рауан Сәрсенғалиұлы қорытынды тексерісті «үздік» бағаға тапсырған әскери қызметшілерді көтермелеп, алғыс жарялады.

Теміртау қаласы

5516 әскери бөлімі

кіші сержант Мунбаев Ержан