Бір тәулікте – 30 млн адам
«МЕТА» компаниясының иесі Марк Цукерберг жаңа әлеуметтік желіні іске қосты. «Трэдс» деген атау алған қызмет танымал болып келе жатыр. Бір тәулікте жаңа желіге 30 млн адам тіркеліп үлгерген.
Бұл әлеуметтік желіде Инстаграм, Фейсбуктегідей пост жазып, сурет жариялап, ұнаған жазбаны бөлісуге болады. Ғаламтор сыншылары жаңа қосымшаның интерфейсін Twitter-ге ұқсатады. Марк Цукерберг пен Илон Маск арасында дау-дамай туындап, болашақта екі миллиардер арасында бәсеке пайда болатыны айтылған.
Майк Пру, «Forrester» компаниясы зерттеу бөлімінің басшысы:
– Біз көріп отырғандай, Twitter консервативті болып келеді. Оның белсенді қолданушылары да жаңа платформа пайда болғанын қалайды. «Трэдс» жақсы альтернатива болуы тиіс.