Бес жылдық белестеріндегі Қарағанды

Қарағанды қаласында сегізінші бесжылдықта шұлық фабрикасы және тикотаж фабрикасы алғаш рет өз өнімдерін шығара бастады. Нан зауыты, Химиялық тазарту және киімді бояу фабрикалары, асхана, дәмханалар ашылды. Ақырғы бесжылдықта маргарин зауыты іске қосылды, балалар ойыншығын шығару фабрикалары және т.б. фабрикалар іске қосылды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы басқа елдерде де дамыды. Тамақ өнеркәсібінде өте жоғары сапалы кондитерлік өнімдерімен танымал болған кондитерлік фабрика болды. 1956 жылы ашылған фабрика бастапқыда жылына 7,5 мың тонна өнім берген болатын. Әйтсе де, 1966 жылдан бастап техникалардың жаңарту жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде  өндіріс қуаты 23,5 мың тоннаға, 1972 жылы 36,7 мың тоннаға дейін артты. өнім берді. Ал, 1975 жылы кондитерлік өнімнің көлемі 39,3 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Фабрикада тек бірінші және жоғары сапалы өнімдер өндіріледі. Еңбеккерлердің қажырлы қайраты ескерусіз қалмай, тек,  1976 жылдың өзінде өнімнің жоғары сапасы үшін 27 мақтау қағазымен марапатталған.  Қарағандыдан шығарылған  өнімдер халықаралық көрмелерге қойылды. Нью-Делиде, Прагада, Улан-Батырда, Лейпцигте «Қарағанды ассортиіне» алтын медаль берілді. ВДНХ КСРО басшылары «Қарағандылық ассортидің» өте ерекше дәмі үшін кәмпит цехының инженер-технологы Н.Г.Кориковты күміс медальмен марапаттады, ал қола медальмен осы цехтың басшысы М.Я.Рубцовты және жұмысшы М.Я.Кабановты марапаттады.

Тоғызыншы бесжылдықтың жоспарын асыра орындау барысында 1975 жылы кондитерлік фабрика «Тоғызыншы бесжылдықтың жетістігі» деген мақтау қағазға ие болды. Оныншы бесжылдықта индустрия саласында жетістіктерге жетіп жатты. Бесжылдықтың жоспарды қала халқы уақытынан бұрын орындап қойды. Оныншы бесжылдық жылдарында қаладағы өндірістер 13,5 % есеге көбейді, бұл 1107 млн рубльге жетті. Бес жылдың ішінде 224 млн рубльге өнім өндіріледі, оның ішінде 75 млн рубль асыра сілтеудің әсерінен жасалды. Оныншы бесжылдықтың жоспарын 98 өндіріс пен өнеркәсіп асыра сілтеп, уақытынан бұрын орындап шыққан. Жоспардан тыс қалада 1844 мың т көмір, 16 мың конструкция, 19,5 млн рубльге келетін іс тігетін өнімдер, 1,5 млн рубль тұратын мәдени-тұрмыстық және шарушылық өнімдер болды.

Мемлекеттік жоғары сапалы өнімдердің 200 түрі шығарылды. Бұл тоғызыншы бесжылдықтан үш есе көп. Жоғары сапалы өнімдер төрт есеге өсті және ол 17% құрады.

Құрылысшылар тұрғындарды бір қуантып тастады. Олар жалпы аумағы 982 мың шаршы метр болатын тұрғын-үйді тапсырды. 4715 орны бар бала-бақша мекемесін, 8116 орыны бар мектеп және 19,5 км магистральді жылу байланысын орнатты. Қала транспорты да жақсы дамыды. 40 жаңа маршрут пайдалануға берілді. 1971 мен 1980 ж.ж. аралығында автомобиль трассасы 296 км ұзарды. Күнделікті автобус транспорты 500 адамға қызмет көрсетіп тұрды. Қарағанды әуежайы Қазақстандағы ең ірі әуежай саналды. Қарағанды-Балхаш, Қарағанды-Павлодар-Семей авиатрассасы 1964 жылдың шілде айынан бастап, комфортты 48 орынды АН-24 ұшағы қолданысқа берілген. Қарағанды-Қостанай әуе бағыты ашылды. Сол жылдары әуе трассасы Қарағандыны Қырғызстанмен, алыс Шығыс елдерімен байланыстырды.1967 жылы Қарағанды әуежайынан ИЛ-18 Ригаға ұша бастады. Сонымен қатар, әуе жолы Қарағандыны Мәскеумен, Ленинград, Киев, Сочи, Ташкент, Алматы, Фрунзе, Новосібір, Омск, Челябинск, Куйбышевпен байланыстырды.1981 жылдың шілде айынан бастап «Орталық» жаңа әуежайы жолаушыларды ИЛ-62 лайнері қабылдап алатын болды.

80 жылдардың басында Қарағанды маңайында Қарағанды-Теміртау территориялық-өнеркәсіптік комплекс ашылды. Қарағанды қаласы көмір өндірісінің орталығы болғанымен қатар түсті металлургия, машина құрылыс өндірісі, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің алғашқы қатарын иеленді. Бірақ 70 жылдардың аяғы 80 жылдардың басында негативтік жағы да байқала бастайды. Бұған Кеңес Одағының даму процесіндегі тоқырулар мен түрлі өзгерістердің басталуы себеп болды. Дегенмен қалада барлық өндірістер бірдей қарқында дамыған жоқ. Бюрократтық әдіс бойынша билік басындағылар негізгі капиталды көмір өнеркәсібіне салды және машина жасау құрылысына көп көңіл бөлді.

Қарағанды бассейні кеншілері КСРО құрылуына 50 жылдығына орай млн тонна көмір алуға міндеттелді. Бірінші Донецкіде, кейін Қарағандыда достық вахталардың мерейтойлары өткізілді, онда шахтер еңбегінің жоғары бағаланған өнімдері көрсетілді. 9-шы бесжылдық жоспарын уақытынан бұрын орындауға талпынған жас инжинер- коммунист О.Г.Ишхнели басшылық ететін «Михайловка» шахтасының үшінші бөлімшесі ұжымы 1973 жылы сәуірде механизацияланған комплекс көмегімен 117 мың т көмір алды. Көмір алу бір жұмысшы басына айына 3161 т, ауысымына 102 т болады. Бұл ел шахталары ішіндегі ең үлкен көрсеткіш болды.

Қарағандының 80 мың армиялық көміршілері уақытынан бұрын 1975 жылы 18 қарашада 9-шы бесжылдық жоспарын орындауда таудан 217 млн т жоғары сапалы жанармай алып, еңбек өнімділігі 39,2 % өсті, 1975 жыл аяғында бір жұмысшы айына 100 т көмір алды, бұл елдің барлық көмір бассейндері ішіндегі еңбек өнімділігінің ең жоғарғы көрсеткіші. Бұл жетістікке шахтерлердің ерен еңбегі, тау техникасын дұрыс пайдалану, өндірісті жан-жақты басқару, партия, профсоюз және комсомолдық ұйымдардың үлкен ұйымдастырушылық және саяси жұмысының нәтижесінде жетті.

 

Темірғали Аршабеков,

Қарағанды облыстық ғылыми техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы